СҚО-да мал ұрылары ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да мал ұрылары ұсталды

СҚО-да мал ұрылары ұсталды

14 мамырдан 16 мамырға дейін солтүстікқазақстандық полицейлер «Скотокрад» ауқымды жедел-профилактикалық шарасын өткізді. 

  • 18 Мамыр 2015
  • 467
Фото - Caravan.kz

«Соколовка кентіндегі полиция бөліміне қоңырау шалынып, Красноярка ауылында екі жылқы мен құлын ұрланғаны хабарланды. Оқиға орнына тергеу тобы барды. Үй иесі ұрлық түнгі сағат 23 пен таңғы 7 аралығында жасалғанын айтты», — деп хабарлады СҚО ІІД баспасөз қызметінен.

Жедел іздестіру барысында Якорь селолық округында қызылжарлық полицейлер ВАЗ көлігін тоқтатты. Көліктің тіркемесінен екі жылқы мен құлын табылды.

Ұсталғандардың бірі — Қызылжар ауданының тұрғыны, бұрын да осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталған азамат. Екеуі Петропавл қаласының тұрғыны. Ұрланған зат иесіне қайтарылды.


Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

null