СҚО-да мемлекеттік қызметкерлер аз қамтылған отбасы балаларына берілуі тиіс ноутбуктерді ұрлаған - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да мемлекеттік қызметкерлер аз қамтылған отбасы балаларына берілуі тиіс ноутбуктерді ұрлаған

СҚО-да мемлекеттік қызметкерлер аз қамтылған отбасы балаларына берілуі тиіс ноутбуктерді ұрлаған

СҚО-на қарасты аудандық Білім бөлімінің қызметкерлері аз қамтылған балалардың білім алуы үшін алынған ноутбуктерді ұрлаған, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  • 26 Наурыз 2021
  • 12
Фото - Caravan.kz


"СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі аудандық білім бөлімі қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары бастады. Қызметкерлер пандемия кезінде аз қамтылған отбасы балалары үшін Үкімет резеврі есебінен Білім басқармасы сатып алған ноутбуктерді ұрлады деген күдікке ілікті. Оның салдарынан мемлекетке келген шығынның көлемі 12 млн теңгені құрайды. Аталған іске қатысты соңғы шешім тергеу шаралары нәтижесінде белгілі болады", — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаров агенттікте онлайн өткен баспасөз мәслихатында.