Жарияланды: 290

СҚО-да өрт салдарынан жас әйел қаза болды

Солтүстік Қазақстан облысының Новоишим кентінде сенбі күні таңертең көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерде өрт шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ. Тілсіз жау шамамен бір сағаттан кейін ауыздықталды. Оны жоюға ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД-ның 5 адамы мен 1 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. 27 адам көшіріліп, 2 бала құтқарылды. Өрт сөндіру барысында 23 жастағы әйелдің мүрдесі табылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін