СҚО-да қамауда отырғандардың 50%-ға жуығы ғана жұмыс істейді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да қамауда отырғандардың 50%-ға жуығы ғана жұмыс істейді

СҚО-да қамауда отырғандардың 50%-ға жуығы ғана жұмыс істейді

Солтүстік Қазақстанның бас бостандығынан айыру орындарында шығарылатын өнімдерді өткізу нарығы жоқ, деп мәлім етті Петропавл әкімі Артур Молдағұлов қылмыстық жазаларды орындайтын мекемелердің қызметін үйлестіру жөніндегі облыстық кеңестің отырысында.

  • 3 Маусым 2011
  • 422
Фото - Caravan.kz

«Осы себепті қамауда отырған азаматтарды жұмыспен қамту көрсеткіші 50%-ға да жетпейді», — деп атап көрсетті ол.

А.Молдағұлов 2010 жылдың бірінші жартысында Петропавл әкімдігі бас бостандығынан айыру орындарында жазаларын өтеп жүрген азаматтар шығаратын өнімдерді сату үшін «Қызылжар-Ақбастау» коммуналдық нарығынан орын берілгенін айтты.

«Алайда 2 айдың ішінде бір пластик кесе ғана сатылды. Бұл мәселені қылмыстық жазаларды орындайтын мекемелердің қызметіне қолдау көрсету жөніндегі комиссия қараған соң, «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Еңбек-Қызылжар» филиалының атына «Бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар шығаратын өнімнің тұтынушылар нарығындағы бәсекеге қабілеттілігіне сараптама жүргізу туралы» кеңес берілді», — деп хабарлады А. Молдағұлов.

А.Молдағұловтың айтуынша, жүргізілген сараптама түзету мекемелерінде шығарылатын жиһаз және тігін өнімдерінің бағасы басқа кәсіпорындардың осындай өнімдерінен 5-10%-ға қымбат екенін көрсеткен.

«Бұған «Еңбек» РМК қосымша құн салығын төлейтіндігі, өндіріске қажет материалдардың өндірушілердің өздерінен сатып алынбайтындығы себеп, ал СҚО-да ондай материалдар шығаратын ұйымдар жоқ», — деді ол.

А. Молдағұловтың пікірінше, «түзету мекемелерінде шығарылатын өнімдердің бағасын құру мен маркетингті қайта қарау керек».

ҚР ӘМ ҚАЖ комитетінің «Еңбек» РМК үкімет қаулысына сәйкес түзету мекемелерінде отырған азаматтарды еңбекке тарту арқылы өндірістік қызметті жүзеге асыру үшін құрылған.

Соңғы жаңалықтар