СҚО-да қатты жел салдарынан ағаштар құлап, электр сымдары үзілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да қатты жел салдарынан ағаштар құлап, электр сымдары үзілді

СҚО-да қатты жел салдарынан ағаштар құлап, электр сымдары үзілді

20 мамыр күні Петропавлда қолайсыз ауа райын орын алды. Қатты жел салдарынан ағаштар құлап, электр сымдары үзілді.

  • 21 Мамыр 2015
  • 379
Фото - Caravan.kz


Тоқсан би көшесінде өскен ағаш жақын тұрған ВАЗ-2110 көлігінің үстіне құлаған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Көліктің үстіңгі бөлігі мен капотының шеті бүлініп, шынысы сынған.

«Тоқсан би көшесі бойынша көлікпен келе жатқан едім. Мен өткен соң, бірден бағана құлады. Жақын жердегі ағаш көліктің үстіне құлаған», — деп баяндайды оқиғаның куәгері Николай Герт.

Жел салдарынан Петропавл қаласындағы ботаникалық бақ ғимаратының шатыры жұлынды. «Бұл дауылды желдің ғимараттар шатырларының бөліктерін жұлып әкетуінің 8-ші оқиғасы. Бүгін таңертең шатырдың 8 шаршы метрі, сондай-ақ вентиляция жүйесінің дефлекторы жұлынды. Дефлектор жақын жерде өтіп бара жатқан көліктің үстіне құлады, абырой болғанда ешкім зардап шекпеді. Шатырдың бөлігі ғимараттан 150 метр жерден табылды», — деді Ботаникалық бақтың басты агрономы Равиль Рязапов.

null 
null

null 
null 
null 

null 

null