Жарияланды: 340

СҚО-да қызметтік көлікпен баласын бақшаға, туыстарын тойға тасыған шенеуніктер жазаланды

Солтүстік Қазақстан облысында қызметтік көліктерін жеке шаруалары үшін мінген шенеуніктерге сөгіс жарияланды. Тек қазынадан бөлінген машинаны жүргізушісімен қоса басыбайлы өз жұмыстарына жегіп қойған шенділердің бұдан сабақ алары екі талай. Өйткені жыл басынан бері 25 рейд өткізілсе де, атқамінерлер қызметтік көлікпен бала-шағасын оқуға, ата-аналарын той-томалаққа тасуларын қояр емес. 

Бұл ақталып тұрған әйел облыстық филармонияның директоры әрі қалалық мәслихат депутаты Ботагөз Ақмағамбетова. Оның жүргізушісі алғашында «мұнда өзім жалғыз келдім» депті. Бірақ айласы іске асқан жоқ. Жүргізушілер жазаға тартылмайтындықтан, оларға бастықтары осылай өтірік айтқызады екен. Тек тексеру барысында шенеуніктің өзі көлікте отырса ғана әкімшілік шара қолданылады. Қызылжар өңіріндегі шенеуніктердің жүргізушілерін балабақша, мектеп қана емес мейрамхана мен фитнесс залдарының алдынан да көруге болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін