СҚО-да соңғы қоңырау кешінен соң жоғалған оқушының өлі денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да соңғы қоңырау кешінен соң жоғалған оқушының өлі денесі табылды

СҚО-да соңғы қоңырау кешінен соң жоғалған оқушының өлі денесі табылды

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп түлегі соңғы қоңырау кешінен кейін бірден із-түссіз жоғалып кеткен. Оның өлі денесін жерлестері араға бір апта салып, ауыл маңындағы өзеннен тауып алыпты. Марқұмның туыстары бұған баланың сыныптастарын айыптап отыр. Ал тәртіп сақшылары жұмған ауыздарын ашар емес.

  • 5 Маусым 2014
  • 340
Фото - Caravan.kz

Владислав Виниченко көрші ауылдағы мектепті интернатта жатып бітіріпті. Көпбалалы отбасынан шыққан оқушының қайғы жұтқан анасы жанын қоярға жер таппай жүр.

— 17 жыл қатарынан кем қылмадым. Оңбаған азғындар өлтіріп кетті.

Соңғы қоңырау кешінен кейін түлектердің бәрі орманға барып қыдырған. Ішімдік ішіп, төбелескен көрінеді. Соңы осылай адам өлімімен аяқталған. Алайда бұл жайында аудандық ішкі істер бөліміндегілер қандай да бір мәлімет беруден бас тартты. Ал ауыл әкімі баланың өзі суға кеткен деп отыр.

Азап өлтірді дейтіндей ешгқандай жарақат жоқ. 

— Өтірік айтпаңыз. 

— Мен  сараптама қортындысын айтып тұрмын ғой. 

Марқұм болған баланың ауылдастары мен туыстары енді оның  қазасына сыныптастарын кінәлауда.  


Максим Коваль, марқұмның досы:

-Қазір де менің телефоныма «егер біз туралы тіс жаратын болсаң, сені де өлтіреміз»  деген смс хабарлама келеді. Оны жіберіп отырған Владиславтың сыныптастары.

Осылайша баланың өзі суға ағып өлгеніне ешкім де сенбейді. Марқұмның туыстарының айтуынша, оны ұрып өлтіріп, екі сыныптасы денесін суға  ағызып жіберген. Біреуі ауылдағы учаскелік инспектордың жақын туысы екен.

— Өте өкінішті. Сонда ақшаң, жоғарыда көкең болмаса, бізді өлтіре беруге болады екен ғой. 

Владиславтың бақа-шаянға жем болған денесін туыстары жабық табытқа салып жерледі. Өмірге жаңа ғана жолдама алып, жоспар құрып жүрген жігіттің туыстары енді ауылға облыс орталығынан тергеушілердің келуін талап етуде.