СҚО-да топан су үйлерді басты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да топан су үйлерді басты

СҚО-да топан су үйлерді басты

Тасқын Қызылжарға да жетті. Қазір өңірдегі 7 елді мекенде алпыстан астам үйді су басып қалған. Шаһар ішіндегі 44 баспана да қазір белуардан су. Сондай-ақ, халықаралық және облыстық маңыздағы бірнеше тас жолды су шайып кетті.

  • 29 Сәуiр 2015
  • 252
Фото - Caravan.kz

Челябі -Новосібір жолында күні-түні кезекшілікте тұрған тәртіп сақшылары көліктерді айналма жолға бұрып жатыр. Оның сайдағы жолдың бөлігі толығымен су астында қалған. Сондай- ақ, өңірде облыстық маңыздағы тас жолдың 30 учаскесін су шайып жатыр. Тасқын қала маңындағы саяжайларға да жетті. Жұрт қызыл су кірген бау-бақшаларынан қолға ұстар дүниесін алып шығуға асығуда. Төтенше жағдай мамандары оларға саяжайда түнемеңдер деп ескертті. Судың екпінінің күштілігі сонша, Есіл өзені бойындағы Заречное ықшамауданы да бүгін-ертең тасқынның астында қалғалы тұр.


Валентин Козлов, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Су Есіл өзенінен келіп жатыр. Қазір оның сағалары толып тұр.  Екі- үш күнде деңгейі тағы көтеріле ме деп қорқамыз.