СҚО-да тоқтап қалған ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуші кәсіпорындар қайта іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да тоқтап қалған ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуші кәсіпорындар қайта іске қосылады

СҚО-да тоқтап қалған ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуші кәсіпорындар қайта іске қосылады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерiк Сұлтанов облыстық әкiмдiкте өткен аппараттық кеңесте тоқтап тұрған кәсiпорындарды қайта iске қосу жұмысын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен. 

  • 7 Сәуiр 2015
  • 528
Фото - Caravan.kz

Күн тәртiбiндегi қаралған алғашқы мәселе облыстағы бойынша мемлекеттiк меншiктегi нысандарды жекешелендiрудiң екiншi кезеңiнiң барысы болды. Бұл бағыттағы жұмыс барысы туралы Қаржы басқармасының басшысы Ескен Әкiмжанов баяндады. Басқарма басшысы 2014 жылы үш кәсiпорын жекешелендiрiлгенiн айтты. Үстiмiздегi жылы облыста 39 ұйым жекешелендiрiлмек.

«20 аудандық (қалалық) нысанды коммуналдық меншiктi бәсекелi ортаға тапсыру 2015 жылдың шiлде айына жоспарланды», — дедi Ескен Мырзахметұлы.

Өңiр басшысы аудан әкiмдерi мен Петропавл қаласының әкiмiне жекешелендiру кестесiнiң жүзеге асырылуын қамтамасыз етудi жүктедi.

Аппараттық кеңестiң күн тәртiбiнде қарастырылған келесi мәселе қайта өңдеу саласын дамыту жолдары болды. Өңірде ауылшаруашылығы өнiмiн өңдеу облыстық өнеркәсiптiк өндiрiс көлемiнiң 46%-ын және облыстың өңдеушi өнеркәсiбiнiң 61%-ын құрайды. СҚО-да ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеушi 154 кәсiпорын бар. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Омаровтың хабарлауынша, өңдеушi кәсiпорындардың қуаттылығын арттыру мақсатымен тоқтап тұрған өндiрiстердi қалпына келтiру жоспарлануда, оның iшiнде 2 сүт өңдеу, 5 ет өңдеу және 7 ұн тарту кәсiпорны iске қосылды. Сондай-ақ ағымдағы жылы сүт өңдеу кәсiпорындарына 682,1 млн теңге көлемiнде қаржы салу көзделген.
«2015 жылы ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеу бойынша 12 жобаны iске қосу жоспарланған. Бұл жобаға 1,5 млрд теңге көлемiнде қаржы салынып, 200-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкiндiк бередi», — дедi Қайрат Омаров.
Өңiр басшысы тоқтап тұрған кәсiпорындарды қайта iске қосу жұмысын күшейтiп, ағымдағы жылдың маусым айында өңдеу кәсiпорындарымен таныстыру жұмысын өткiзудi тапсырды.
Келесi болып жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы Асқар Сақыпкереев ҰОС-дағы Жеңiстiң 70 жылдығына арналған қайырымдылық сенбiлiгiн өткiзуге байланысты дайындық туралы баяндады. Бұл iс-шара сәуiрдiң 11-i күні өтедi. Сенбiлiктен түскен табыс соғыс ардагерлерiне құрмет көрсету шараларын өткiзуге және мұқтаждарға қажеттi көмек көрсетуге жаратылатын болады.
Ерiк Сұлтанов қайырымдылық сенбiлiгiн облыстың барлық елдi мекендерiнде өткiзу маңызды екенiне көңiл бөлiп, ұйымдастырушыларға қоқысты уақтылы шығару үшiн қажеттi көлiктермен қамтамасыз етудi тапсырды.