СҚО-да жүрек сырқаты бар балаға операция жасауға Т1,5 млн жиналды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да жүрек сырқаты бар балаға операция жасауға Т1,5 млн жиналды

СҚО-да жүрек сырқаты бар балаға операция жасауға Т1,5 млн жиналды

Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) жүрек сырқаты бар КириллСухомлиновқа операция жасауға Т1,5 млн-нан аса қаржы жиналды, деп мәлім етті «Беташар СК» ЖШС төрайымы Лариса Ельцова.

  • 15 Шiлде 2011
  • 687
Фото - Caravan.kz

Балаға операция Түмен облыстық клиникалық ауруханасында жасалады. Л.Ельцованың айтуынша, түмендік дәрігерлермен келісім жасалған, олар жүрек талмасы бар солтүстікқазақстандық балаларға операция жасауға дайын, бірақ бұл үшін көп қаржы қажет.

«Бір операцияға кем дегенде Т1 млн 530 мың төлеу керек. Осы аптада біз жинаған ақша бұл сомадан асып түсті: Кириллге операция жасауға 1 млн 560 мың теңге жиналды», — деді Л. Ельцова.

«Сау жүрек» жобасы аясындағы «Балаға өмір сыйла» акциясын өткізу туралы бастаманы «Беташар СК» ЖШС осыдан 1,5 ай бұрын көтерген. Ақшаның көп бөлігі әнші ЯнаБогованың қайырымдылық концерттерінен жиналды.

«Үшінші концертті қала жастарының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен арнайы жастар үшін ұйымдастырып, соңынан би кешін өткізуді жоспарлап отырмыз. Қаладағы жас дарындардың көбі бұл бастаманы қолдап, ұйымдастырылған кастингтің аясында Яна Боговамен кездесті. Қазір балалар концертке дайындалып жатыр, олар да тегін өнер көрсетеді», -деді Л.Ельцова.

«Бұл қайғылы жағдайда адамдардың қалай жұмыла алатынының мысалы. Бұл жағдайда бізге мейірімді, жомарт адамдар үн қатты. Қолдарынан келген көмектерін ұсынып жатыр», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар