"Срочно жоқ қылып жіберіп, быт-шытын шығару керек": Ерке Есмахан Раймның бұрынғы қызын құртқысы келетінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Срочно жоқ қылып жіберіп, быт-шытын шығару керек": Ерке Есмахан Раймның бұрынғы қызын құртқысы келетінін айтты

"Срочно жоқ қылып жіберіп, быт-шытын шығару керек": Ерке Есмахан Раймның бұрынғы қызын құртқысы келетінін айтты

Ерке Есмахан адам жалдап, ақы төлеп, Раймның экс-қалыңдығының аккаунтын өшірткізіп жатыр. 

  • 20 Қаңтар 2023
  • 2677
Фото - Caravan.kz

Аккаунтты өшіруге тапсырыс берген видео тик-токта тарады. Ондағы қыздың даусы Ерке Есмаханның даусына ұқсайды, деп жазды Caravan.kz медиа порталының тілішісі. 

"Нұрлан, срочно осы страничканы толықтай жоқ қылып жіберу керек. Және қайта қалпына келмейтіндей ету керек. Дәл қазір, тездетіп. Еңбекақыңды жемеймін, беремін. Мынау деген менің арқамда подписчик жинап, менің бірдеңелерімді салып, сөйтіп жатыр. Сол үшін мынаның быт-шытын шығару керек", делінген видеода Еркенің даусымен. 


Араға бірнеше сағаттан соң, Нурик жауап жазған. 

— Бұл рас ақпарат екен ғой. Мен жала жауып жатыр деп ойладым, деп жазбаша түрде жазылған. 

Нурик бұлай жазғанымен, Наргизаның (Раймның экс-қызы) аккаунтын жапқан сыңайлы. 

Ерке Есмахан "Ооо, Нурииик! Рахмет! Алла разы болсын! Тілектерің қабыл болсын! Өте қатты риза болдым!", деп тағы да дыбыстық хабарлама жіберген. 

Соңғы жаңалықтар