Стамбулдағы ұшақ апатынан зардап шеккендер арасында Қазақстанның екі азаматы бар - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Стамбулдағы ұшақ апатынан зардап шеккендер арасында Қазақстанның екі азаматы бар

Стамбулдағы ұшақ апатынан зардап шеккендер арасында Қазақстанның екі азаматы бар

Түркияның Стамбул қаласындағы ұшақ апатында екі қазақстандық зардап шекті.

  • 6 Ақпан 2020
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz  медиа-порталы хабарлайды qazaqstan.tv -ға сілтеме жасап.

« Қазақстанның Стамбулдағы Бас консулдығының мәліметіне сәйкес, 2020 жылғы 5 ақпанда жергілікті уақыт бойынша шамамен 18.00-де ұшақтың Стамбул әуежайына қолайсыз қонуы барысында ұшу-қону жолынан тыс шығып кетуі салдарынан Қазақстан Республикасының екі азаматы жарақат алған. Олар Фатих Сұлтан Мехмет ауруханасына жеткізілді », — делінген хабарламада. 

Бұл жағдай Бас консулдықтың бақылауына алынып, қазақстандықтарға қажет көмек көрсету бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. 


Еске сала кетсек, кеше Сабихи Гөкчен атындағы әуежайда Измир-Стамбұу бағытындағы лайнер ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенген болатын. Ұшақ апатынан барлығы 179 адам зардап шегіп, 3 жолаушы қайтыс болды.

 

Соңғы жаңалықтар