«Star of Asia» фестивалінің көрермендері түнгі сағат 00:00-ге дейін тасымалданады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Star of Asia» фестивалінің көрермендері түнгі сағат 00:00-ге дейін тасымалданады

«Star of Asia» фестивалінің көрермендері түнгі сағат 00:00-ге дейін тасымалданады

Алматыда  16-17  маусым күндері халықаралық «Star of Asia» музыка фестивалі өтеді. Бұл ашық ауадағы музыкалық сахна  және  әлемдегі ең биік мұз айдыны «Медеуде» әлемдік деңгейдегі артистер өнер көрсетіп, көптеген көңіл көтеру шаралары өтеді.

  • 6 Маусым 2018
  • 234
Фото - Caravan.kz

Фестиваль көрермендері үшін арнайы автобустар қатынайтын болады. Жиналатын орындар: Абай даңғылы, 44 Балуан Шолақ  атындағы Спорт  сарайының жаны және Достық даңғылы,Құрманғазы көшесінің бұрышы. Жолаушылар көліктері сағат 17:00-ден 18:30-ға дейін жүреді. «Медеу» биік мұз айдынан рейстер сағат 22:00-ден бастап қайтады. Жолақысы -150 теңге.

Ұйымдастырушылар «Медеу» мұз айдынына жеке  автомобильдер қозғалысына шектеу қойылатынын ескертеді, фестиваль  күндері жеке көліктер тұрағы бір есе ғана көбейеді.

Айта кетерлігі, биік тау шатқалында температура қаладағыдан едәуір төмен. Сондықтан сыртқы киімдерді (ветровкалар, күртешелер),  жамылғыны бірге алған жөн.


Еске салсақ, фестиваль билеттері starofasia.kz, kassir.kz, zakazbiletov.kz сайттарында,Меломан мен Республика Сарайы кассалар жүйсінде сатылады. Толық ақпаратты @starofasia2018 және www.starofasia.kz. порталынан алуға болады.

Соңғы жаңалықтар