Жарияланды: 70

«Startup Day» аясында жас кәсіпкерлер үздік жобаларын таныстырды

«Startup Day» аясында жас кәсіпкерлер үздік жобаларын таныстырды

Өскелең ұрпақтың кәсіпкерлік бастамалары мен бизнес дағдыларын қолдау және дамыту мақсатында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ХБА колледжі базасында «Startup Day» өтті. Үздік жобаларды Халықаралық бизнес академиясы колледжінің студенттері таныстырады.

Шара басында студенттер «Qaynar Bulaq» коворкинг орталығында өз өнімдерінің көрмесін ұйымдастырды. Көрме креативтілік пен түрлі идеяларға толы болды. Ішінде тосынсыйы бар шамдардан бастап, тафтинг технологиясымен тоқылған авторлық кілемдерге дейін бәрін балалар өздері жасаған.

«Біз студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамытумен айналысамыз. Біз үшін бұл өте маңызды. Кәсіпкерлік дағдыларды дамыту шеңберінде түрлі іс-шаралар өткіземіз. Біз «Мен кәсіпкермін» республикалық байқауының белсенді қатысушыларымыз, онда балаларымыз үнемі жүлделі орындарға ие болады. Биыл байқауға еліміздің 145 колледжінен 250-ден астам жоба қатысты. Осындай ауқымды байқауларға дайындалу үшін біз «Startup Day» күнін өткіземіз. Бұл күні біз тәлімгерлерді, тренерлерді шақырамыз. Олар болашақ кәсіпкерлерге кеңес береді. Мұндай өзара іс-қимыл жобаларды іске асыруда өте тиімді», – деп атап өтті ХБА колледжінің директоры Альфия Хисматуллина.

ХБА колледжі 2010 жылы Қазақстандағы ең үздік бизнес жоғары оқу орындарының бірі саналатын Халықаралық бизнес академиясының негізінде құрылды.

«Біздің колледжде Студенттердің кәсіпкерлік белсенділігін дамыту – маңызды бағыттардың бірі. Колледж қабырғасында балалар базалық білімдерден басқа, нағыз бизнес-жобаларды іске қосуды үйренеді. Студент өзінің хоббиін, идеясын, шеберлігін, идеясын дамытуға үйренеді, бизнес-жоспар жазады, жобаны таныстырады және оны табысқа айналдырады. Барлық осы кезеңдерде оларды колледж жанындағы кәсіпкерлік мектебі сүйемелдейді. Өз жобасын дамыта отырып, студент қоғаммен қарым-қатынас жасауды үйренеді, өзінің шешендік дағдыларын дамытады», – деді колледждің кәсіпкерлік мектебінің директоры СәбитТасжарғанов.

Әрі қарай студенттер өз әзірлемелерін таныстырды. Интернет дүкендерді сату және жүргізу саласында «vnutri svechki» жобалары, сурет сату бойынша үш жоба, plenka_anticvariat «Антиквариат» интернет дүкені, «Almaty Rugs» түрлі дизайнмен тафтингтік кілемдері, «almaty.gift.box», велосипедтерді жалға беру «Favorite». Сондай-ақ, «Paradise» демалыс аймағы» жобасы, «artemmarketolog» маркетингі және кәсіби роликтер мен клиптер әзірлейтін мобилография саласындағы жобалартаныстырылды.

Әлеуметтік негізі бар жобалар ерекше атап өтілді. Милан Левченконың жануарларға деген сүйіспеншілігі үлкен жобаға айналды – «Котопес» үйсіз жануарлар қоғамдық қоры құрылды. Бүгінгі таңда қорда көшеден табылған жүзден астам мысық пен 30-ға жуық ит бар. Қор жануарларды уақытша ұстауға алады, содан кейін емдеп,олар үшін жаңа иелерді іздейді.

« Prom.Arts жобасы мүмкіндігі шектеулі балалар салғансуреттерді және суретшілердің жұмыстарын насихаттайды. Көрмелер мен аукциондарды ұйымдастырады. Ал ТатароваСевиль экологияға алаңдайды. Колледж студенті эко қарындаштар ойлап тапты. Басты идея – өсімдіктің тұқымы қарындашқа салынады. Эко қарындаш қолдануға жарамсыз болған кезде, оны топыраққа қадап қойса, бір аптадан кейін капсуладан өсімдік өсіп шығады.

Студенттік әзірлемелердің таныстырылымынан кейін жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер балаларға арналған семинарлар, шеберлік сабақтарын өткізді. Суретшілер одағының мүшесі Гаухар Қасенбай қыш өнері бойынша шеберлік сабағын өткізіп, кәдесый бұйымдарын қалай безендіруге болатынын көрсетті. Кәсіпкер, «Оранж» гүл дүкендер желісінің директоры Абай Аймухамбетовтауарларды ілгерілету туралы айтты. Ресейлік жазушы, блогер Екатерина Андрусевич «Тартылыс нүктесі» шеберлік сабағын өткізіп, онда бизнесті жүргізуде өз блогын жүргізудің маңыздылығы туралы айтты.

Іс-шара соңында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ақеркін Ералиева студенттік жобалардың маңызын атап өтті.

«Кәсіпкерлікте өзіңді сынап көру – кез келген жағдайда жақсы тәжірибе. Ең бастысы, сіз өзіңізге жаңа нәрсе ашасыз, жаңа қабілеттерді дамытасыз, мүмкін сізге жаңа идеялар келеді. Кәсіп жолында ең табысты немесе ең бай болу міндетті емес. Ең бастысы – осы жолмен жүру. Бүгін сіздердің бастамаларыңыз бен жобаларыңыз бізді таң қалдырды. Өзіңе сенсең өмірде бәрі де мүмкін. Сіздердің әрқайсыңызға табыс тілеймін»,– деді Ақеркін Ералиева.

Стартапшыларға Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының атынан алғыс хаттар табыс етілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін