Жарияланды: 500

Степногорде «Казақалтын»ТМК-ның жұмысшысы үйіндінің астында қалып, көз жұмды

Степногорде «Казақалтын»ТМК-ның жұмысшысы үйіндінің астында қалып, көз жұмды

Ақмола облысының Степногор қаласына қарасты Ақсу кентіндегі «Казақалтын»ТМК АҚ филиалының №38 шахтасында тау массасы опырылып кетіп,  57 жастағы жұмысшы көз жұмды.

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Келеңсіз жағдай 31-ші қазан күні сағат 04:40 минут шамасында № 38 шахтада 205 метр тереңдікте орын алған. Осында жұмыс істеп жатқан тау шахтасы қондырғысының 1958 жылғы слесарының үстіне тау массасы құлап, басып қалған.

Құтқару жұмыстарына «Жолымбет ӘТҚО» Ақсу взводынан 16 адам және 4 техника,  Степногор ТЖБ жеке құрамынан 2 адам және 1 арнайы техника жұмылдырылып,  тірідей көміліп қалған жұмысшының мәйітін сыртқа алып шықты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін