Жарияланды: 370

Степногорск қаласында спорт мектебінің тәрбиеленушісі өз-өзіне қол салған

Ақмола облысының Степногорск қаласында дарынды балаларға арналған спорт мектебінде 14 жасар бала өз-өзіне қол салған. Қалалық прокуратураның хабарлауынша, қыркүйек айында Оңтүстік Қазақстан облысынан келген бала мектептің қосалқы бөлмесінде асылып қалған. Қазір аталған факті бойынша тексеру жүріп жатыр. Мамандар дзюдомен айналысатын спортшының өмірмен қош айтысуына қандай жағдайлар себеп болғанын анықтайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін