Жарияланды: 16800

Стилін өзгерткен Нүсіпжановты ел танымай қалды

Стилін өзгерткен Нүсіпжановты ел танымай қалды

Өткен жылы 82 жасында шаңырақ көтеріп, әлеуметтік желіні дүр сілкіндірген ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов бұл жолы да қызу талқыға түсті.

Бұл жолы әнші стилін де, шашын да өзгерткен.

Көпшілік қауым жас келіншекке үйленген әншінің өзі де жасарып кеткенін жарыса жазуда.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші Мадина Сәдуақасова instagram желісіндегі парақшасына халық әртісімен бірге түскен суретін жариялады.

Мадина Сәдуақасова instagram желісіндегі парақшасында "Нұрғали ағамызбен концертте кездесіп, ол кісінің өзгерген стилін , жаңарған шаш үлгісін, ерекше киімін көріп " Нұрғали аға, жарайсыз" - дегім келеді! Шығармашылықтың адамы осылай өзгеріп тұру керек! Өте жарасымды", - деп жазба қалдырған.

Желі оқырмандары "Жасына қарай болу керек, өнер адамы болса да.Кəрі түйе ойнақтаса жұт болады деген. Жас əйел алсада бұрынғы стилімен жүру керек сияқты", "Мүсін екен деп қалдым", "Ағамыз кинодағы вампирлер сияқты", "Жас әйелі имиджін өзгерткен ғой. Муза пайда болған деген осы", - деп пікірлер жарыса жазды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрғали Нүсіпжанов былтыр өзінен 45 жас кіші журналист Жадыра Сейдешпен шаңырақ көтерген болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін