Жарияланды: 400

Стинг Қазақстандағы концерттерін саяси себептерге байланысты өткізбейді

Стинг Қазақстандағы концерттерін саяси себептерге байланысты өткізбейді

Әлемге танымал британдық

рок-музыкант Стинг Астанадағы концертін өткізбеу туралы шешім қабылдады, сол арқылы ол Маңғыстау облысында мамыр айының соңында жалақы арттыруды талап етіп ереуілге шыққан мұнайшыларды қолдайтындығын көрсетпек. "Жуық арада құқық қорғаушы Amnesty International ұйымы оған мұнайшылар мен кәсіподақ лидерлеріне қысымның жасалғандығы жайында хабарлаған соң осындай шешім қабылданды", делінген музыканттың ресми сайтында берілген хабарламада. Amnesty International ұйымының пікірінше, Стингтің Астанаға баруы ереуілге қарсы іс-қимылдарды қолдау ретінде бағалануы ықтимал және де әнші 40 жыл бойы қолдап отырған Ұйымның ұстанымына қайшы келмек. "Мұнай және газ секторының қазақстандық жұмысшылары біздің қолдауымызға мұқтаж, халықаралық БАҚ-ның назарын аударғылары келеді, мүмкін, бұл позитивті өзгеріс әкелетін болар", деді Стинг, оның сөздері хабарламада келтірілген. Стинг Symphonicity-дің концерттік бағдарламасы 4-шілде күні Астанада қала күні қарсаңында Республикалық велотректе өтуге тиіс еді, концертке кіру билетінің құны 7-100 мың теңге аралығында болған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін