Стингтің концертінің билеттерін тек сол билет сатып алынған қалада ғана кері қайтаруға болады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Стингтің концертінің билеттерін тек сол билет сатып алынған қалада ғана кері қайтаруға болады

Стингтің концертінің билеттерін тек сол билет сатып алынған қалада ғана кері қайтаруға болады

Британиялық рок-орындаушы Стингтің концертінің билеттерін тек сол билет сатып алынған қалада ғана кері қайтаруға болады, деп Алматыдағы билет сату кассасынан хабарлады.

  • 7 Шiлде 2011
  • 631
Фото - Caravan.kz

«Сатып алынған жерде ғана кері қайтаруға болады. Өзіңізбен бірге жеке куәлік пен оның көшірмесін алу қажет», — деді Алматыдағы билет кассасының әкімшілігі, Астанада сатып алынған билетті Алматыда тапсырса бола ма деген сауалға жауап беріп.

Елорданың 13 жылдығын өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетіне сілтемелеп, бұрындары хабарланғандай, билеттерді кері қайтару 7 шілдеден басталды. Осы шараға билет сатып алған әр көрермен билеттің толық құнын қайтарып алады. Концертке барлығы 5 мың билет, яғни жалпы сынының 70% сатылған болатын. Билет құны Т 7 мыңнан Т100 мыңға дейін тұрды.

Әртістің гастроліне жауап беретін мәскеулік «STCS-Management»компаниясы қазақстандық тарапқа ұйымдастырушылық-техникалық себептерге байланысты концерт болмайтындығын хабарлаған. Бірақ Стингтің ресми сайтында ол Астанадағы концертін Батыс Қазақстандағы мұнайшылардың ереуіліне виртуалды қолдау көрсету мақсатында болдырмай тастағаны туралы мәлімет жарияланды.

Билет тарату бөлімінің жетекшісі Вадим Дергачевтің айтуынша, билеттерді кері қайтару Астанада (Жастар сарайында, тел: 46-68-53, контакт-орталықта – 55-75-75), Қарағандыда («Қазақстан» бизнес орталығында, тел: 90-94-81), Алматыда (Қазбек би 50 көшесінде, 101-ші кеңсе, тел: 317-90-22) жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар