Жарияланды: 1300

Студенттер Мұқағалидің туған күніне арнап қоғамдық көліктерде ақынның әндерін шырқады

Студенттер Мұқағалидің туған күніне арнап қоғамдық көліктерде ақынның әндерін шырқады Сурет - qasym.kz

Бүгін ақын, драматург, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Ғасыр ақыны» атағының иегері Мұқағали Мақатаевтің туған күні.

Ақиық ақынның туған күніне арнап, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті мен Сүлейман Демирел атындағы университеттің студенттері бірігіп, «Есіңе мені алғайсың» атты әлеуметтік шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Бұл шарада студенттер қоғамдық көліктерде ақынның әндерін шырқап, халыққа тамаша көңіл күй сыйлады. Ақынның шығармашылығының ешқашан ұмыт қалмайтынына көз жеткізді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін