Студенттік құрылыс және Жасыл ел жастар еңбек жасақтары үшінші еңбек маусымына кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Студенттік құрылыс және Жасыл ел жастар еңбек жасақтары үшінші еңбек маусымына кірісті

Студенттік құрылыс және Жасыл ел жастар еңбек жасақтары үшінші еңбек маусымына кірісті

Бүгін Алматыда Студенттік құрылыс және Жасыл ел жастар еңбек жасақтары үшінші еңбек маусымына салтанатты түрде кірісті.

  • 27 Мамыр 2011
  • 745
Фото - Caravan.kz

Студенттік құрылыс- еңбек жасақтарының командирі Мұрат Көшімбай бүгінгі шара ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізіліп отырғандығын айтады. «Бүгінгі шара еңбек жасақтарының үшінші маусымдағы жұмыс жолдарының бастауы болып табылады. Биыл 1200 жасты жұмыспен қамтымақпыз. Олар университеттердің жатақханаларын жөндеу жұмыстарымен жән қала маңын тазалаумен айналысатын болады. Студенттердің барлығына жұмыс берушілер немесе демеушілер атынан еңбек ақы төленеді. Жалпы, жастар арасында жазғы демалыста жұмыс істеп, ақша тапсам деген белсенділік байқалуда», -дейді М.Көшімбай.

Медеу ауданы әкімінің орынбасары Алмасбек Нөкербанұлы 2001 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Студенттік құрылыс жасақтары өз жұмыстарын қайта жандандырса, 2005 жылы Жасыл ел жасақтары дүниеге келгендігін айтып өтті. Содан бері осы екі жасақ өздерінің жұмыстарын әр жылда тұрақты түрде жүргізіп келе жатыр. «Өткен жылы Қызылағашта болған табиғат апаты кезінде ең алғашқы жәрдемшілердің бірі болып осы екі жасақ қол ұшын берген болатын. Биыл да Медеу шатқалы мен Іле Алатауы саябағында болған табиғат апатында осы жасақтар Медеуге, Шымбұлаққа көтерілетін жолдарды тазартып, екі күн бойы талмастан еңбек етті. Бұл жастардың елге деген патриоттық сезімдері, құрметі деп білемін»,-дейді А.Нөкербанұлы.

Сондай-ақ жиын барысында жастар ән айтып, би билеп өз өнерлерін ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар