Сондай-ақ кентті су басу салдарынан қаза болған бесінші адам бойынша ақпарат расталды. Мәйітті іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Көкпекті ауылының кіреберісінен табылды. Бұған қоса, аулаларды аралау барасында 19 үйдің аздап қирағаны, 39 ауладағы үй жануарларының қырылғаны анықталды.
«Төтенше жағдай жойылды, қазіргі уақытта оның салдарын жою жұмыстары жүргізілуде. ҚР ТЖМ құтқарушылары, апаттар медицинасының бөлімшелері, Азаматтық қорғаныс полкі, ішкі әскердің әскери қызметшілері, Қорғаныс министрлігі, денсаулық сақтау басқармасы, байланыс қызметі, ветеринарлық жасақ пен жергілікті атқарушы органдардан 691 адам, 112 бірлік техника мен 11 мотопомпа жұмылдырылды» делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламасында.