«Кездесуге Қырғызстанның су шаруашылығы министрі келмей қалды. Ал ол келіссөздерде шешуші роль атқаруға тиіс болатын. Тоқтағұлдан қанша су келетінін білмей тұрып, су бөлісу жөнінде келісімге келу мүмкін емес», — деді С. Сейсенов.
«Келіссөздердің хаттамалық үлгісі рәсімделді, бірақ, елеулі өзгеріс жоқ», -деді ол.
«Тәжік жағы Қайраққұмды жөндеу үшін бізден қаржының бір бөлігін бөлуді сұрады. Бұл мәселені ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев үкіметте шешетін болады», — деді С. Сейсенов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 10 сәуірде өткен баспасөз мәслихатында А. Рябцев : «жұмада Тәжікстанның Ходжент қаласында біз әріптестерімізбен бірлесіп су тапшылығы ахуалын қарастыратын боламыз. Биыл су тапшылығынан тек біз емес, жалпы Ферғана аңғары зардап шегуде, онда 3 млн 500 мың гектар суармалы алқаптар бар»,- деген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті