Су құбырын жаңалау нәтижесінде Алматы облысы Алғабас ауылының 1,5 мың тұрғыны таза ауыз суға қол жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су құбырын жаңалау нәтижесінде Алматы облысы Алғабас ауылының 1,5 мың тұрғыны таза ауыз суға қол жеткізді

Су құбырын жаңалау нәтижесінде Алматы облысы Алғабас ауылының 1,5 мың тұрғыны таза ауыз суға қол жеткізді

Алматы облысы Көксу ауданы Алғабас ауылында су қамтамасыздығы жүйесін жаңалау жұмысы аяқталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Мамыр 2004
  • 816
Фото - Caravan.kz

Су құбырын жаңалау жұмыстары АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттігінің қолдауымен «Ауылдық елді мекендерге арналған ауыз су» бағдарламасы бойынша жүргізілді. Нысан құны 5,277 млн. теңгені құрап, оның 70 процентін Агенттік, 20 процентін облыстық бюджет, қалған 10 процентін ауыл тұрғындары шығарды.

Жоба бойынша ауылда 1100 метр су құбыры желісі қалпына келтіріліп, 19 су жинағыш колонка тұрғызылды, насостар құрастырылып, ұңғы тазартылды, таза суға арналған сыйымдылығы 50 текше метрлік су резервуары салынды. Құбыр жүйесін жаңалау жұмыстарын «Шымыр» ЖШС 2003-жылдың қазан айынан бері атқарды.
1377 тұрғыны бар ауыл халқы бұған дейін су сапасы төмен жеке құдықтардың суын тұтынып келді.
14-мамыр, жұмада өткен су құбырын іске қосу салтанатына Қазақстандағы АҚШ елшісі Ларри Нэппер мен Алматы облысының әкімі Шалбай Құлмаханов қатысты.
Журналистер сауалына жауап берген елшінің айтуынша, қазір кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі бірлескен бағдарлама аясында тағы бірнеше инвестициялық жоба қаралуда. Бұл «жобалар әкіммен болған кездесуде келісілді». Атап айтсақ, таулы аудандарда шағын су электр станцияларын салу және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жобалары бар.

Соңғы жаңалықтар