Су тасқыны кезінде миллиондаған ақшаға бәйге өткізбек болған Атыраулықтардың басы дауға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су тасқыны кезінде миллиондаған ақшаға бәйге өткізбек болған Атыраулықтардың басы дауға қалды

Су тасқыны кезінде миллиондаған ақшаға бәйге өткізбек болған Атыраулықтардың басы дауға қалды

БАҚ-та су тасқыны кезінде ат бәйгесін өткізуге жұмсалған миллиондаған шығындар орынсыз деген жағымсыз пікірлерден кейін іс-шарадан бас тарту туралы шешім қабылданған. Сыбайлас жемқорлықты тергеу қор-бюросы өзінің Telegram-арнасында бұған бірінші болып назар аударды.

  • 18 Сәуiр
  • 35
Фото: ашық дереккөз

Қоғамдағы сыни пікірлерден кейін 16 сәуірде облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы ат бәйгесін ұйымдастыру және өткізу лотының күшін жойды.

Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бәйгені ұйымдастырушыларға конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік сатып алулар сайтында 20 наурызда, ал конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін 9 сәуірде жарияланған.

«Бұл лот облыстағы төтенше жағдайдан бұрын жарияланып, бюджеті өткен жылдың соңында бекітілген болатын. Жеңімпазды анықтап, төтенше жағдай аяқталғаннан кейін өткізе алар едік. Ал енді, бәйге мүлде өтпеуі де мүмкін – бәрі аймақтағы жағдайға байланысты. Бәйге өткізуден бас тарту туралы шешім БАҚ-та жаңалық шыққаннан кейін қабылданды», — деді облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бөлім басшысы Тілекқабыл Есдәулетов.

Бұл мақсатқа Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы 54,5 млн теңге бөлді. Бюджет өткен жылдың соңында бекітілген. Өтініштерді 9 сәуір мен 30 сәуір аралығында қабылдау жоспарланған. Қызмет көрсету мерзімі — шартқа қол қойылған күннен бастап 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Әңгіме Аламан бәйге, Топ бәйге, Құнан жарыс, Тай жарыс деген төрт кезеңнен тұратын «Ұлы дала тұлпары» атты облысаралық бәйге туралы болып отыр. 

Оның айтуынша, ат бәйгесі облыста жыл сайын өткізіліп тұрады. Өткен жылы да 54,5 миллион теңге бөлініп, оның 8 миллионы ғана игерілген. Қалған сома бюджетке қайтарылған. Жарыс жылдың аяғында өтіп, ауа райы суыта бастағандықтан, жарыстың бір кезеңін ғана өткізу мүмкін болған.

Естеріңізге салсақ, 7 сәуірде Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын. 

Айта кетейік, еліміздің бірнеше өңірінде төтенше жағдай жариялануына байланысты Астана халықаралық форумы мен 25-26 сәуірге жоспарланған машина жасаушылардың ХІІ форумы өтпей қалды. Сондай-ақ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге кететін шығындар мен Қазақстанның Токиодағы Дүниежүзілік көрмесіне қатысу бюджеті де қысқартылды.

Шешім «жойқын су тасқыны салдарын жою және ел азаматтарына көмек көрсету үшін қаржы ресурстарын үнемдеу қажеттілігіне» байланысты қабылданды. Айтпақшы, форумдар 2025 жылға шегерілді.

Соңғы жаңалықтар