Су тасқыны: Құлсарыда 60 қой-ешкінің өлексесі өртелді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су тасқыны: Құлсарыда 60 қой-ешкінің өлексесі өртелді

Су тасқыны: Құлсарыда 60 қой-ешкінің өлексесі өртелді

Су тасқынынан қаншама мал қырылып жатыр.

  • 15 Сәуiр
  • 7
Фото: БҚО ветеринария басқармасы

Атырау облысының Құлсары қаласында су тасқыны кезінде өлген 60 қой-ешкінің өлексесі жойылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Жылыой аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Жәнібек Сабыровтың айтуынша, су тасқынының салдарынан өлген мал, ит пен мысық өлексесі жиналып жатыр. 

«Жылыой аудандық ветеринария стансасы қызметкерлері Құлсары қаласында су тасқыны кезінде өлген төрт түлік пен құстардың өлексесін жинауды бастады. Қазір төлін қоса алғанда 60 қой-ешкі, 8 үй құсы, 1 ит пен 1 мысықтың өлексесі жиналды. Өлекселерді мал қорымдарында және арнайы белгіленген шұңқырларда өртеу жолымен жою жұмыстары жүргізіліп жатыр»,-деді Жәнібек Сабыров. 

Оның айтуына қарағанда, өлекселер әлі де табылуы мүмкін. Сол себептен өлекселерді жинау, жою жұмысы әлі де жалғасады.