Су тасқыны: Үкімет тағы 553 800 теңгеден өтемақы төлеуге дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су тасқыны: Үкімет тағы 553 800 теңгеден өтемақы төлеуге дайын

Су тасқыны: Үкімет тағы 553 800 теңгеден өтемақы төлеуге дайын

Осы күнге дейін 11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК мөлшерінде төлем алған. Бұл – 369 200 теңге.

  • 24 Сәуiр
  • 21
Фото: ашық дереккөз

Primeminister.kz сайтының деректеріне сүйенсек, төтенше жағдай туындаған аймақтардан 119 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Осы күнге дейін 11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК мөлшерінде төлем алған. Бұл – 369 200 теңге.

Енді шығындарды өтеу тәртібіне тағы түзетулер енгізіліп, бекітілген. Арнайы қаулыға сәйкес, Үкімет ол төлемге тағы 553 800 теңгеден өтемақы қосатын болды.

«Кеше мен тиісті қаулыға қой қойдым. 100 айлық есептік көрсеткішке тағы 150 АЕК-ке дейін өтемақы төлейтін боламыз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады. Азаматтарға айтатыным, сабырлық сақтаныңыздар. Ешкім де көмексіз қалмайды Бұл мәселелердің барлығы Президенттің және менің жеке бақылауымда», — деген Премьер-министр Олжас Бектеновтің сөзін келтіреді Үкімет сайты.

Соңғы жаңалықтар