Су тасқынынан кейін елде баспана бағасы шарықтауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су тасқынынан кейін елде баспана бағасы шарықтауы мүмкін

Су тасқынынан кейін елде баспана бағасы шарықтауы мүмкін

Сарапшылар елде орын алған төтенше жағдайға байланысты жылжымайтын мүлік бағасы өседі деп болжап отыр.

  • 25 Сәуiр
  • 18
Фото: ашық дереккөз

Су тасқынына байланысты үй мен пәтер жалдау бағасы қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Dalanews-ке сілтеме жасап.

Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы осы пікірді қостап отыр. Наурызда жаңадан салынған үйлердегі бір шаршы метр құны 0,4%-ға төмендеген, алайда жылдық мәнде өсім сақталды.

Ал мамандар баспана бағасы қымбаттай беретінін алға тартады. Оған себеп болған маңызды факторлардың бірі – су тасқыны. Бірақ төтенше жағдай енгізілген Қостанай облысында және басқа да бірқатар облыстарда жылжымайтын мүлік нарығында баға тұрақты.

“Үй бағасы өспейді, қазірдің өзінде баға тұрақты. Мәселен, дерекқорымызда қолжетімді және сұранысқа ие нысандар бар. Зақымданған үйлер де жоқ емес, бірақ мемлекет оны қалыпқа келтіріп жатыр”, – дейді “Этажи” жылжымайтын мүлік агенттігінің сату бөлімінің басшысы Талғат Бектемір 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына .

Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшылары бағаның өсуі су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда ғана тіркелетінін айтты. Онда да бұл болжам тек жалдамалы баспаналарға қатысты екенін атап өтті. Мамандардың айтуынша, жаңа үйлердің қымбаттауына басқа фактор әсер етеді.

“Қазір жаңа «Наурыз» ипотекалық бағдарламасының іске қосылуын күтіп отырмыз. Сандарға қарағанда, биыл осы ипотека арқылы 12 мың транзакция жоспарланған. Бұл жылжымайтын мүлік нарығындағы жалпы сұраныстың шамамен 40%-ына тең”, – дейді нарық сарапшысы Анна Шацкая.

Алайда мұның да баспана бағасына әсер етуі екіталай деп санайды сарапшы. Жылына кем дегенде 6-10%-дан аспайды. Онда да бағаның өсуі ипотекалық бағдарламаның шарттарына және оған қанша қазақстандық қатыса алатынына байланысты.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында 3 мыңға жуық үй су астында қалғаны хабарланды. Бұл — Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі келтірген дерек. 

Су тасқының салдарын жоюға 231 техника, 1198 жеке құрам, 18 жүзу құралы, 19 бірлік мотопомпа жұмылдырылған.
 
Атырау облысы Құлсары қаласынан жалпы саны 33 641 адам көшірілді және 201 уақытша орналасу орындары дайындалды.

Жалпы саны 84 қоңырау түсіп, 173 адам құтқарылды, оның ішінде 15і — бала. 248 мал басы және 27 үй жануарлары қауіпсіз орындарға көшірілген.

Соңғы жаңалықтар