Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары қаласының тұрғындары коммуналдық төлемдерден босатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары қаласының тұрғындары коммуналдық төлемдерден босатылады

Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары қаласының тұрғындары коммуналдық төлемдерден босатылады

Тұрғындар бірнеше айға коммуналдық қызметтер үшін төлемнен босатылған.

  • 16 Мамыр
  • 5
Фото - Caravan.kz

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражановтың хабарлауынша, зардап шеккен үйлердің тұрғындары сәуір, мамыр, маусым, шілде айларында коммуналдық қызметтер үшін төлемнен босатылады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Құлсары қаласы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етілуде. Электр қуатына барлығы 2870 үй қосылды, су басу аймағында орналасқан 3084 үйді газбен жабдықталды.

⁃ Тұрғындарға наурыз айына коммуналдық төлемдерді (ҚТҚ, электр энергиясы, газ және ауыз су үшін) төлеуге түбіртектер таратылады. Алайда, қала тұрғындары өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта есепшоттарды төлей алады, — деді Жұмабек Қаражанов.

Сондай-ақ, аудан әкімінің хабарлауынша, Құлсары қаласында коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтеру фактілері тіркелмеген