Су тасқынынан зардап шеккендерге әлеуметтік төлем төлене бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су тасқынынан зардап шеккендерге әлеуметтік төлем төлене бастады

Су тасқынынан зардап шеккендерге әлеуметтік төлем төлене бастады

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге әлеуметтік төлемдер төлене бастады. Күні бүгінге дейін материалдық шығынды өтеуге 300-ден астам адам өтініш берген.

  • 8 Сәуiр
  • 37
Фото: ашық дереккөзден

Облыс бойынша зардап шеккен 94 тұрғынға 28 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем төленген. Жалпы 7 сәуірдегі жағдай бойынша біржолғы төлемді алуға 346 отбасы ниет білдірген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы TengeLife қаржылық арнасына сілтеме жасай отырып.

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындар мен кәсіпкерлердің материалдық залалын есептеу үшін Ақтөбе облысының әр ауданында жеке комиссиялар құрылды.

Қазір Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған гуманитарлық көмек жинау орталығы жұмыс істейді.

Барлығы 10 күн ішінде шамамен 300 тонна (210 тонна азық-түлік, 80 тонна азық-түлікке жатпайтын тауарлар, 0,2 тонна дәрі-дәрмек) жиналды. Оның ішінде 215 тонна тауар мұқтаж тұрғындарға таратылды. Гуманитарлық көмекті зардап шеккен аудандарға жеткізуге 8 524 ерікті көмек беруде.

Өмір бойы жиған-тергенінен айырылу оңай емес. Шалғай аудандардың тұрғындары мал-мүлкін, үй-жайын, қора-қопсысын есепке алып, сақтандыра қойғанына сенім жоқ. Апат айтып келмейтініне осы жолы тағы көз анық жетті. Ендеше, қолдағы бар мүкәммалымызды тиісті орынға тіркеп, қаттап-шоттап отыруды үйренуіміз керек. Құдай бетін ары қылсын, жаман айтпай жақсы жоқ, аяқасты жағдайда жер сипап қалмау үшін құжатқа мығым болу керек.

Соңғы жаңалықтар