"Зубовск, Малеевск, Путинцево, Быково, Баяновск, Парыгино, Снегирево ауылдарында құтқарушылар апатқа қарсы белсенді жұмыс жүргізіп отыр”, делінген онда.
Құтқарушылар су басқан орындардан 961 адамды эвакуациялады, оның 204-і бала, ешкім зардап шеккен жоқ.Жалпы алғанда 356 тұрғын үйді су басқан, делінген онда.
"Аудан аумағында төтенше жағдай жария етілген. Суды бөгеу жұмыстары үшін жеке құрамның 210 адамды қатысып отыр, техниканың 30 бірлігі, 14 қайық пайдаланылған”, делінген онда.
Күршім ауданында құтқарушылар 86 адамды эвакуациялаған, олар туысқандарының үйлеріне жайғастырылған.
Дағдарыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді, мамандар су деңгейін сағат сайын бақылауға алып отыр.