Су тасқынына байланысты екі облыстың жолдары жабық тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су тасқынына байланысты екі облыстың жолдары жабық тұр

Су тасқынына байланысты екі облыстың жолдары жабық тұр

Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында су тасқыны салдарынан жекелеген тас жолдар жабық күйінде қалуда.

  • 11 Мамыр 2017
  • 254
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысында

23 сәуірден бастап «Челябі-Новосибирск» республикалық маңызы бар автожолдың 525-530 шақырым аралығында көліктің барлық түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

24 сәуірден бастап «Қарға аралына кіреберіс» облыстық маңыздағы күре жолдың 0-11 шақырым аралығы барлық көлік үшін жабық тұр.

Шығыс Қазақстан облысында

20 сәуірден бастап тюбингті құбырдың шайылып кетуіне байланысты «Семей-Курчатов» тасжолының 4-130 шақырым аралығы көліктің барлық түрлері үшін жабық. Айналма жол ұйымдастырылған. 

Соңғы жаңалықтар