Қазкоммерцбанктің жай акцияларының бір бөлігін сатты. Бұл туралы ҚКБ баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Екі банк акционерлерінің жалпы жиыны бекіткен ҚКБ және БТА интеграциялау үлгісін жүзеге асыру шеңберінде Нұржан Сұбханбердин Қазкомның өзіне тиесілі 57 544 959 дана жай акцияларын банктің басқа ірі акционері Кеңес Рақышевке сатты.
Мәміле нәтижесінде ҚКБ ірі акционердерінің құрамы мынадай болды: Alnair Capital Holding — 223 млн 922 мың 790 дана (28,08%), "Орта-Азиялық инвестициялық компания" АҚ – 185 млн 561 мың 734 дана (23,27%), Кеңес Рақышев – 185 млн 322 мың 663 дана (23,24%), Нұржан Сұбханбердин — 91 млн 121 мың 42 дана (11,42%), "Самұрық-Қазына" – 85 млн 517 мың 241 дана (10,72%), миноритарии — 26 млн 61 мың 757 дана (3,27%).