Суданда 16 мың қой алып бара жатқан кеме суға батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Суданда 16 мың қой алып бара жатқан кеме суға батып кетті

Суданда 16 мың қой алып бара жатқан кеме суға батып кетті

Суданның Қызыл теңіз аймағында 16 мыңға жуық қой алып бара жатқан кеме суға батып кетті. Оқиға экологиялық апат қаупін төндіреді.

  • 13 Маусым 2022
  • 42
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, кеме шамадан тыс ауыр салмақты көтере алмағандықтан суға батқан. Апат кезінде бортта 15 800 бас қой болған. Ал кеменің қуаты мұндай салмаққа есептелмеген, тек 9 мың бас малды тасымалдай алады.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының кейбірінің есебі бойынша, малдан келген шығын — 4 миллион доллар.

Суакин айлағы Суданның солтүстік-шығысында, Қызыл теңіздің жағасында орналасқан. Бұрын ол Қызыл теңіз жағалауында орналасқан, осы өңірдегі ең басты айлақ болатын. Қазір ол солтүстікке қарай 60 шақырым қашықта орналасқан Судан айлағынан кейін екінші маңыздағы порт.


 

Соңғы жаңалықтар