"Суды үнемдеуге көшуіміз керек. Су тапшылығын жоюдың басқа жолы жоқ", - Тоқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Суды үнемдеуге көшуіміз керек. Су тапшылығын жоюдың басқа жолы жоқ", - Тоқаев

"Суды үнемдеуге көшуіміз керек. Су тапшылығын жоюдың басқа жолы жоқ", - Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында су мәселесі туралы айтты.

  • 1 Қыркүйек 2021
  • 145
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"700 миллиард теңге болатын үш жоба бойынша жұмыс басталады. Бұл Қашағандағы газ өңдеу зауытының және Мақат-Солтүстік Кавказ магистралды су құбырының құрылысы. Сондай-ақ, Бейнеу-Жаңаөзен магистарлды газ құбырын жаңғырту жұмысы. Тағы бір маңызды мәселе, БҰҰ алдағы 10 жылдың ішінде жаһанды деңгейде су ресурсының тапшылығы болады деп болжап отыр. 2030 жылға қарай су тапшылығының көлемі 40%-ға жетуі мүмкін. Сондықтан біз жаңа технологиялар мен цифрларландыру арқылы суды үнемдеуге көшуіміз керек. Су тапшылығын жоюдың басқа жолы жоқ. Бұл аса маңызды міндет. Үкімет, су пайдаландуы реттеу және оны үнемдеу технологиясын енгізу жұмысын ынталандыру үшін нақты шешемдерді әзірлеуі тиіс. Су нысандарының эко жүйесін сақтап, оны үнемдеу үшін аса маңызды 120 каналды қайта жаңғыртуға көшеміз. Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында жаңадан тоғыз су қоймасы салынады. Бұл ауқымды жоба, бірақ біздің қолымызда қажетті ресурстардың барлығы бар. Атырау және Маңғыстау облыстарының аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Астрахан-Маңғыстау магистралды су құбыры жаңғыртылады және Кендірлі кентінде су тұщытатын жаңа зауыт салынады. Жалпы, ондаған жылдар бойы қомақты қаржы бөлінгеніне қарамастан ауыз су мәселесі әлі шешім тапқан жоқ. Сондықтан, өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында, 5 жыл ішінде халықты 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырамын", — деді Қасым Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар