Олардың денелерін ҚР ТЖМ Қостанай облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің қызметкерлері 11 мамыр күні түскі сағат 13.25 шамасында судан алып шықты.
Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарамұрат ауылындағы Сайрамсу өзеніне 9 мамыр күні түс кезінде шомылып жүрген 1996 жылы туған азамат Ш.Ергашов батып кеткен. Марқұмның денесін ОҚО ТЖД судан құтқару қызметінің қызметкерлері кеше таңертеңгі сағат 08.42 шамасында тауып, судан шығарып алған. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.