Жарияланды: 340

Суға кеткен «Булгария» теплоходының ішінде шамамен 110 адамның мәйіті жатыр

Татарстанда Волга өзеніне батып кеткен «Булгария» теплоходында 110 адамның мәйіті қалды. Олардың 30-ы балалар. Бұл туралы дүйсенбі күні құтқару жұмыстарымен айналысып жатқан Удмуртия іздеу-құтқару қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады. «Татарстан республикасы сүңгушілерінің барлауына қарағанда, суға кеткен теплоходта шамамен 110 адамның мәйіті жатыр», - делінген хабарламада.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін