"Сүйегім қазақ болмаса да екі қазақтың анасымын": Қытай қызының қазақтар туралы айтқан сөзі тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сүйегім қазақ болмаса да екі қазақтың анасымын": Қытай қызының қазақтар туралы айтқан сөзі тарады

"Сүйегім қазақ болмаса да екі қазақтың анасымын": Қытай қызының қазақтар туралы айтқан сөзі тарады

Қытай қазағына тұрмысқа шығып, қазақтың салт-дәстүрін берік ұстап, тілін жетік меңгерген қазақ келіні жайлы видео қызу талқылануда.  

  • 13 Ақпан
  • 13784
Фото - Caravan.kz

Видеоны журналист Бауыржан Карипов желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бейнекөрініс қытайда түсірілген болса керек. Онда жергілікті қазақ тілшісі қытай әйелін "жеңге" деп сұхбат алады.

«Ұлтым ханзу болғанымен, қазаққа келінмін. Қазақша атым – Жаухар. Екі балам бар. Үлкені жиырмаға, кішісі он үшке  келді. Қазір Құлжадан шайхана аштым. Ең алғашында он жылдан алдын үкіметке жұмыс істедім. Күйеуім алты жыл алдын қайтыс болды, сол кезде қатты қиналдым. Күйеуім қайтыс болардан алдын өзім Шанхайға барып жүрегіме ота жасатқам. Менен кейін күйеуім екі жыл бойы ауырды, сол кезде қарызға кіріп кеттім. Ағаларыңыз дүниеден өткеннен кейін қарыздар қыса бастады. Қарызды қайтару ауыр болды, қиын кезең болды. Қазір қайын жұртыммен өте жақсы араласып тұрамын. Менің сүйегім қазақ болмаса да, мен екі қазақ баланың анасымын. Күйеуім қайтыс болып кетсе де балаларым бар. Одан бөлек, қазақтарды да шынайы жақсы көремін», — дейді ұлты ханзу қызы Жаухар.

Желі қолданушылары ханзу келіннің адал ниетіне риза болып, өз ризашылықтарын жарыса жазуда. Енді бірі қытай қыздарын жарнамалудың астарында не жатыр деген сауал тастады.

"Қазақ қыздарына қытай жігіттерін, қытай жігіттеріне қазақ қыздарын жарнамалаудың қажеті жоқ, бәлесінен аулақ", "Бұл да бір сұрқия саясат",  "Аман болсын", "Мына жеңешемңздің ниеті адал", "Қазақшаға судай екен", "Ресейдегі миллион қазақтан Қытайдағы қазақтардыі иммунитеті мықты болып тұр, өз тілінен ажырамай өзге ұлттарды қазақша үйретіп жіберген", — деп жазды олар.