Жарияланды: 4300

Сүйіктісі Дана Нұржігітті ұзатып алып кетті

Сүйіктісі Дана Нұржігітті ұзатып алып кетті

Теңін тауып, екінші рет тұрмысқа шыққан танымал журналист Дана Нұржігіттің ет жақындары “құдалық” рәсімін өткізді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Той сияқты өткен құдалықты белгілі ақын Талант Арғынғали басқарды.

20214557_1063799743757317_1250318692726603776_n

Құдалар қатарынан журналистің туған інісі, белгілі әнші Рүстем Нұржігіт пен әнші Ардақ Балажанованы көруге болады.

Бұл кеште жұбайларға ақ тілектерін арнап келген қонақтар әннен шашу шашып, тойдың сәнін келтірді.

A post shared by Мұхамедияр Рашай Ⓜ️ (@mukhamediyar_rashay) on

Кеш барысында келін атанған Дана Нұржігітке алтыннан жүзік тағылды.

дана нуржігіт 260717

Құдалық – ағайын-туыс арасындағы қатынасты, барыс-келісті нығайту мақсатында жасалатын қазақтың ұлттық салты.

Естеріңізде болса, бірнеше күн бұрын Дана Мұрат есімді азаматқа тұрмысқа шыққанын хабарлаған еді. Айта кетейік, жұбайлардың үйлену тойы 27 шілде күні, яғни ертең Астанадағы “Қобыз сарайында” тойланбақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін