Сүйінші: Қуандық Рахым үйленеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сүйінші: Қуандық Рахым үйленеді

Сүйінші: Қуандық Рахым үйленеді

Жуырда ғана "Үйленемін" деп ән салған Қуандықтың да бойдақтықпен қоштасатын күні алыс емес.

  • 18 Ақпан 2020
  • 126
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Тек қазақ қызына үйленемін деп осыдан біраз уақыт бұрын сұхбат берген әнші өзінің сүйіктісін кездестірген. Болашақ жары да өнерден алыс емес.

Есімі — Гаухар. Осыдан бірнеше жыл бұрын Гаухар мен Қуандық алғаш дуэт ретінде "Бірге болайық" әнін шырқап шыққан еді. Алайда, жұлдызды дуэттің ғұмыры ұзаққа бармай, жолдары екі бөлінген. Араға бірнеше жыл салып, қайтадан бірге ән сала бастады. Бірігуге себеп — арадағы жалындаған махаббат екен. Дәл қазір екі жас дуэт болып, Қазақстан бойынша гастролдік тур жасап жүр. 

Әншінің өзіне қоңырау шалып, ақпараттың рас-өтірігін анықтауға тырысқан едік.


"Әзірге жеке өміріме қатысты ештеңе айтқым келмейді.Уақыты келгенде білесіздер", — деп қысқа қайырды.

Айтпақшы, жуырда Қуандық Рахымды тек әнші емес, актер ретінде де көріп қалуларыңыз әбден мүмкін. Өйткені, әншінің продюсері Жанна Абуова кино түсіруге білек түріп кіріскен.

Соңғы жаңалықтар