Жарияланды: 11700

"Сұлтанқызы мені таныстарымен қорқытайын деді ме?": Нұрболхан желі қолданушысымен ұрысты

"Сұлтанқызы мені таныстарымен қорқытайын деді ме?": Нұрболхан желі қолданушысымен ұрысты

Танымал әзілкеш Нұрболхан Шаріпов Ләйлә Сұлтанқызы мен бағдарламасын тағы сынға алды. Желі қолданушыларын арзан бағдарлама мен арзан дүниелерді көрмеуге шақырды. 

"Түрiмдi ұмытып қалған жоқсыздар ма? Мен айтам да, қазiргi кезде инстаграмды ашып қалсаңыз, кiлең жалаңаш фотолар. "Кел келiнiмнiң" жүргiзушiсi қызды тоңқайтып, шашын сипап жатқан видеолары мен микрафон ұстап әншiлерден "Секс" туралы алып жүрген сұхбаты. Замираның аузына келгенiн құсып жатқаны. Қалаулым қайраткерлерiнiң бай/жар iздеген видеолары. "Өз Ойымның" қырық өтiрiгi. Шынында Инстаграм емес Өсекграм болып кеттi. Бұның бәрiнен құтылудың бiр-ақ жолы - өзiңiзден бастаңызшы. Ол парақшаларды және соларға қатысты жандарды оқымаңыз. Блокқа тықсаңыз сiздегi интересныйға шықпайды. Сөйтiңiзшi. Ал, "Өз ойымды" маған тапсырыңыздар.Әлi де әшкереленбей қалған бiраз өтiрiк жатыр. Оны келесi Разоблачениеде көресiздер. Әзiрге, Ақтауға жолға шықтым! Сәт сапар болсын! Қайырлы таң, сүйкiмдiлерiм", - деп жазды Нұрболған парақшасында.

Бұл жазбаға желі қолданушысы пікір білдірді. 

-Жарайды. Өмір алма кезек, Сіз Ләйлә Сұлтанқызын білмей тұрып ол кісінің жеке оміріне тиістіңіз. Мен сіздің сұхбатыңызды көрдім. Мені көп өнер адамдары колдамады дейсіз? Ләйлә Сұлтанқызын жеңемин деп ойлайсыз ба? Катты қателесіз. Эфирге шыға алмай қаларсыз. Қасқырдың апаннына түскен қоян сияқтысыз. Мен сізді аяймын. Хал", - деп жазды ол.

-Мені эфирге шығармай қоятында ол кім? Қайта сені аяймын, "фас" десе осында келіп үріп жатқаныңа.

-Ләйлә Сұлтанқызын ел сыйлайды. Адамдары тамыр-таныстарыда өте көп. Ол кісі батырлық істеп отыр. Ал сіздікі елге герой болу ма?

-Енді таныстарымен қорқытайын деді ме? Кішкене сауатты болшы. Мен де ерігіп жүрген жоқпын. Мен үшін арнайы фейк парақша ашқаныңа рахмет. Әуре болдың ғой.

Аты-заты белгісіз желі қолданушысы мен әзілкештің арасында дау осылай өрбіді. 

Желі қолданушыларының бірі әзілкешті, бірі Ләйлә Сұлтанқызын жақтады.

                                                                                                                                                                             stan.kz

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін