«Сұмдық, жардай болып кетіпті»: Көпшілік әнші Аишаның тым толып кеткеніне таң қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Сұмдық, жардай болып кетіпті»: Көпшілік әнші Аишаның тым толып кеткеніне таң қалды

«Сұмдық, жардай болып кетіпті»: Көпшілік әнші Аишаның тым толып кеткеніне таң қалды

Көпшілік оқырмандар әншінің бұрынғыдан толысып кеткенін жарыса жазуда.

  • 9 Қыркүйек 2020
  • 5950
Фото - Caravan.kz

Әнші Бүркіт инстаграмдағы жеке парақшасына келіншегі Аишамен ас үйде болған жағдай туралы видео жүктеді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Онда Бүркіт тамаққа разы болмаған кейіп танытып, ұрысқан болады. Ал Аиша болса үлгермей қалғанын, балаларды алғанын айтып ақталғансиды. Көпшілік аталған видеоның жасанды екенін айтуда. Дегенмен ондағы оқырмандарды екеуінің арасындағы әлгі көрініс емес, әнші Аишаның тым толып кеткені таң қалдырды.

Видеоны көррген оқырмандар: «Сұмдық, жардай болып кетіпті», «кішкене арықтау керек», «толып кеткенсің» деген сияқты пікірлер қалдырған.


Енді бірі Аишаны қазақша сөйлете алмаған Бүркітке сын айтуда. Кейбір оқырмандар болса ас үйдің шашылып жатқанын сөз қылыпты. Дегенмен көпшілігі Аишаның күйеуі қанша ұрсып жатса да күле салған жайдары мінезіне разы болды.

Негізі Бүркіт Аиша екеуі арасындағы осындай отбасылық жағдайлардың бейбіт аяқталатынын көрсеткісі келген.
Соңғы жаңалықтар