Жарияланды: 2800

Сүндеттелмеген еркектің әйелінің жатырында жын бар

Сүндеттелмеген еркектің әйелінің жатырында жын бар

Белгілі діни қайраткер Чубак қажы Жалилов тағы даулы мәлімдеме жасады. Бұл жолы қырғыз қоғамы оның мерзімді басылымдардың біріне берген сұхбатын қызу талқылап жатыр. Онда Чубак қажы «сүндеттелмеген еркектердің әйелдерінің жатырында жын бар» немесе «құтырған құрсақ» дертіне шалдығады деген болатын.

Бұл тұста Қырғызстанда президенттік таққа үміткер болған Тоқтайым Үметалиева Vesti.kg медиа-порталына берген сұхбатында Жалиловтың сөзін Ислам дініне топырақ шашу екенін айтты деп, деп хабарлайды аталмыш сайтқа сілтеме жасап Caravan.kz медиа-порталы .

- Егер ол шын мәнінде Исламның білгірі болса, онда дінімізде өзге діндерге құрмет көрсету керектігі жайлы айтылғанын білуі керек еді. Исламда барлық пайғамбарларға құрмет көрсетіледі, деді ол. - Исламда Мұхамед пайғамбарға дейінгі барлық пайғамбарлар құрметтелді және көптеген діндерде сүндетеу рәсімі жасалмайды. Өйткені ол бастысы тазалықты мансұқ етеді.

Сондай-ақ экс-үміткер «Құтырған құрсақ» сөзі туралы да айтты.

- Бұл туралы Құранда, өзге бірде бір діни кітапта ол жайлы жазылмаған. Ол мұндайды қайдан оқып жүр. Мүмкін Сауд Арабиясында оқытқан шығар. Әлгі «сексопатологтың» осындай сөздер айтуы ақылға сыймайды.Әр адам, оның ішінде мұсылман өзінің интимдік мәселесін өздері ұғына білу керек.

Сондай-ақ Үметалиева Чубак Жалиловты қажы мәртебесінен айыру керек деді.

Еске салсақ, медициналық анықтама бойынша , «құтырған құрсақ» сөзі белгілі аурудың халық арасында қолданылып жүрген атауы. Ал басқаша оны әйел нимфоманиясы, гиперсексуалдық немесе жыныстық қатынасқа шектен тыс құмарту деп аталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін