Жарияланды: 20

"Super Bol!" Қазақстан ұлттық құрамасының аңыздарымен ойнайды

"Super Bol!" Қазақстан ұлттық құрамасының аңыздарымен ойнайды

"Super Bol!" Қазақстан ұлттық құрамасының аңыздарымен ойнайды.

"Super Bol!" әлеуметтік-футбол жобасының ойыншылары 7 тамыз күні Алматының Орталық стадионында, Қазақстанның 2006-2008 жылдардағы құрамына қарсы ойынға шығады. Матчқа арнайы түрде нидерландтық маман Арно Пайперс келеді. Бұдан бөлек, матчқа мадридтың "Реалы" мен миландық "Интердің" экс-ойыншысы Эстебан Камбьяссо қатысады.

Финалдық іріктеудің жеңімпаздары бір ай бойы Талғардағы ұлттық құраманың базасында дайындық жасап жатыр. Әр апта сайын жігіттер жолдастық кездесулерді өткізуде. Бірақ, олар үшін, бала кездегі кумирлеріне қарсы ойнау - нағыз емтихан. Қазақстанның аңыздар құрамасында алаңға Самат Смақов, Давид Лория, Нұрбол Жұмасқалиев, Андрей Карпович, ағайынды Азовскийлер, Фархадбек Ирисметов, Дмитрий Бяков, Александр Кучма, Максим Жалмагамбетов, Қайрат Әшірбеков, Данияр Мұқанов, Сергей Бойченко, Юрий Новиков, Игорь Солошенко, Руслан Балтиев, Эдуард Сергиенко, және де басқалары шығады.

Бұрынғыдағыдай, ардагерлердің бас бапкері Арно Пайперс болмақ. Матчтың шоқ жұлдызы, әзірше аты жасырулы әлемдік футболдың жұлдызы болмақ, әрі ол Қазақстанның жұлдыздар құрамасында өнер көрсететін болады. Матч Qazsport арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Бұдан бөлек, матч әлеуметтік тұрғыдан ерекшеленбек. Билеттерден түскен қаржы қайырылымдылыққа жұмсалмақ.

Сонымен, 7-ші тамыз. Алматы Орталық стадионы. 20:00. Билеттер ticketon.kz сайтында сатылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін