Жарияланды: 370

Сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққан нәзік жандылардың көбейіп кетуіне не себеп?

Келіншектерді күйзелткен дерт! Алматыда сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққан нәзік жандылар көбейіп кеткен.

Дәрігерлер бұл жағдайға қыз-келіншектердің жалғыздығы себеп дейді. Өйткені, тіркелгендердің көбісі оң босағада отырып қалған отыздағы бойжеткендер екен. Жатыры қанап бала таппаған соң, іштей күйзеліске ұшырап, салдарынан уайым-қайғысы кеудесіне берілген. Түйірдей ғана ісікті бірден анықтау қиынға соғатын көрінеді. Сол себепті, әйелдер көбіне ауру асқынғанда ғана дәрігер іздеп кетеді екен.Осындай олқылықтардың алдын алу үшін маммолог мамандар әлі тұрмыс құрмаған қыз-келіншектерге төсті қалай өз бетінше тексеру керектігін үйретті. Егерде қандай да бір түйір қолға сезілетін болса, бірден дәрігерге көрінуге кеңес берді.   

Мұратжан Сақтағанов, онколог-маммолог дәрігер:

- Оңтүстікте, Таразда, Шымкентте ондай аз кездеседі, не себептен? Олар жас тұрмыс құрады. 18-ден бастап 21-ге жетпей әйелдер, қыз-келіншектер кетеді. Біздіңше, солтүстікті алсақ, Алматыны алсақ, 30-ға келіп, айлыққа қарап, квартира,  машина, соған қарап әйел жалғыз қалып қалады. Ол ертең бала көтере алмауы мүмкін. Ол да себеп сүт безіне алып келуге.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін