Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Светлана Тихановская қауіпсіз жерде, ол Литвада", — деп жазды Линкявичюс Twitter-де.
Бұған дейін Светлана Тихановскаяның республиканың ОСК ғимаратында ұсталғаны туралы қапарат тараған еді.
Беларусьтің мемлекеттік қауіпсіздің комитеті Тихановскаяға қастандық жасалғанын, оның алдын алғанын хабарлады. Ведомствода оппозицияның біріккен штабынан Тихановскаяның өміріне қауіп-қатері төнгені туралы хабарламалар алғанын атап өтті.
9 тамызда жексенбіде Беларусьте президент сайлауы өтті. Минскідегі сайлау учаскелері жабылғаннан кейін, көшпелі дауыс беру кезінде жарияланған сайлау нәтижелерімен келіспейтіндер наразылық акцияларын бастады.
ОСК-нің нақтыланған мәліметтеріне сәйкес, Беларуссияның қазіргі көшбасшысы Александр Лукашенко өткен сайлауда 80,08 пайыз дауыс жинады, Тихановская – 10,09 пайыз.
Дегенмен, Светлана Тихановская президенттік сайлауда жеңілгенін мойындаудан бас тартты, ал оның штаб-пәтері президент сайлауының ресми нәтижелерін мойындамайтынын мәлімдеді. Олар республиканың барлық аймақтарындағы сайлау учаскелерінен алынған мәліметтер бойынша Тихановская 70-80 пайызға жинағанына сенімді.
Сонымен қатар, Светлана Тихановская жоғарғы мемлекеттік лауазымға сайлау қорытындысы бойынша республиканың Орталық сайлау комиссиясына шағым берді.
Айта кетейік, 10 тамызда Беларусьте наразылықтар қайта басталды.