Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Instagram мен WhatsApp-та ресми аккаунт ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Instagram мен WhatsApp-та ресми аккаунт ашты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Instagram мен WhatsApp-та ресми аккаунт ашты

Алматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Instagram мен WhatsApp-та ресми аккаунт ашты.

  • 20 Қараша 2015
  • 484
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қалалық Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қалалық департаменті хабарлады.

Енді Алматылықтар Instagram және WhatsApp-та (8 702 683 77 83) сыбайлас жемқорлық туралы деректерімен бөлісе алады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметін Мемлекеттік қызмет істері  жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдарының жедел-тергеу бөлімдері жүргізетін болады. Олар сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алумен, жолын кесумен, анықтаумен, тергеумен айналысады.

«Сондай-ақ, 2012 жылғы № 1077 Үкімет қаулысына сәйкес сыбайлас жемқорлық дерегі туралы хабарлама берген тұлғалар 30-100 АЕК мөлшерінде қаржылай ынталандырылатын жеткізгіміз келеді», — деді баспасөз қызметінен.