Сынақтан сүрінгендер апелляциялық комиссияға жаппай шағым жаза бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сынақтан сүрінгендер апелляциялық комиссияға жаппай шағым жаза бастады

Сынақтан сүрінгендер апелляциялық комиссияға жаппай шағым жаза бастады

Ұлттық тесттің алғашқы күнінде 6 мыңнан астам бала сыннан сүрінді. Яғни 50 балдық межеге жете алмай қалған. Тесттен оңбай құлаған түлектер бүгін таң атысымен жауаптарының көшірмесін құшақтап, апелляциялық комиссияға жол тартты. Ата-аналар да ашулы. Апелляциялық шағымды қарау әсіресе Атырауда үлкен шуға ұласты.

  • 4 Маусым 2014
  • 399
Фото - Caravan.kz

Таңғы 9-дан апелляциялық комиссияның табалдырығын тоздырған талапкерлердің қабағы қатулы. Көбінің салы суға кеткен. Жыларман мектеп бітірушілер тексеруші комиссия балл қосып бере ме деген үмітте.

Алина Горынина, талапкер:

-Тестте жоғары нәтиже көрсете алмағаныма өзім де таңмын. Мектепте үнемі жоғары балл жинап келдім. Үлгерімім де жаман емес. Жауаптарымды комиссияның қайта қарауын талап етемін.

Алина сияқты тест қорытындысына қапалы түлек жетерлік. Бәрінің өкпесі қара қазандай. Бірі қарындашым дұрыс сызбады десе, енді бірі кінәні сұрақтардан іздеп әлек. Апелляциялық комиссиядағы айқайдың көкесі Атырауда болатын түрі бар.

Марат Жүнісқалиев, талапкердің әкесі:

-Менің қызым 3-ші аудиторияда тапсырды. Сонда бір әйел  адамдар балаларға ұрысып, әртүрлі әңгіме айтқан. Атыраудың балаларының ілімі жоқ, мен Астанадан келдім, сіздер былтыр көп балл алдыңдар.Үүш бала 125-тен алды, біз сол үшін қарауға келдік сендерді деп.

Кеше сынаққа онсыз да кеш кірген атыраулық түлектер, тіпті тестке соңына дейін жауап жазып та үлгермепті. «Қағазды қолымыздан жұлып алып кетті» дейді. Ал сынақты бақылауға Астанадан 12 комиссия мүшесі келген.


Ермек Заремов, талапкер:

— 9-да басталады деді, бірақ 12-де басталды. 12-ден 4-ке дейі. Сол 4 сағаттың ішінде аш жоқ, су жоқ, бір сағаттай, дәретханаға шығарған жоқ.

Апелляцияға ұласқан осындай дауға қарамастан, тестілеу орталығы үлкен іс тындырдық деп отыр.

Қали Әбдиев, ҚР БҒМ Ұлттық тест орталығының директоры

-Екілік алғандарды алатын болсақ, 1615 қатысушы 1 пәннен екілік деген баға алды. Яғни олар биыл жоғарғы оқу орынына түсу құқығынан айрылды деген сөз. Ал межелік 50 баллдан өтпегендердің саны 6. 200

Еліміздегі 26 мың түлек ҰБТ-ның бірінші күнін осылайша өткізді. Үш жарым сағатқа созылған сынақтан 13 бала шығып қалды. Тестке келгендерден бас аяғы 6 мыңнан аса ұялы телефон, 2 мың шпаргалка, тіпті, рацияға дейін тәркіленіп алынған.

-Есесіне, тест тапсырған 26 мың түлектің 4 мыңға жуығы жүзден жоғары ұпай жинап, ата-анасын риза қылды. Тек бір ғана оқушы 125 сұрақтың барлығына дұрыс жауап бере алған. Ол алматылық Айғаным Әбдіжапар. №178-ші лицейдің түлегі республика бойынша әзірге жалғыз өзі көш бастап тұр. Тестілеудің екінші кезеңі ертең болады. Алда әлі 60 мыңдай бала бағын сынап көрмек.