Сырдария жағалауынан спорттық ойын-сауық кешені салынатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сырдария жағалауынан спорттық ойын-сауық кешені салынатын болды

Сырдария жағалауынан спорттық ойын-сауық кешені салынатын болды

«Мелиоратор» ЖШС Сырдария жағалауында спорттық ойын-сауық кешен ашуды жоспарлап отыр.

  • 27 Мамыр 2014
  • 445
Фото - Caravan.kz

Бұл жоба Қызылорда облысы бойынша алғашқы рет жүзеге аспақшы.

Қызылордада Аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында жалпы құны 390 млн. теңге болатын 2 жобаны «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында несие пайызын субсидиялауға мақұлданды.

Өзен жағалауында фитнес-клуб, атракционды саябақ, аквапарк, жаттығу залы мен спа орталығы бар бірыңғай кешен ашылады. Аталған кешен сөзсіз Қызылорда тұрғындары үшін отбасылық және достар арасындағы демалыс орны болатынына күмән жоқ. Бұл «ЦеснаБанк» АҚ-ның Қызылорда облысындағы қаржыландыру бойынша алғашқы жобалардың бірі болды.

Екіншісі, «Жан-Арай» ЖШС алатын несиені Қызылордада алғаш рет қоспажем шығаратын зауыт ашуға жұмсауды жоспарлауда. Компания мал және құс шаруашылығына арналған майда және түйір жем түрлерін шығару арқылы облыстың ауыл шаруашылығына елеулі үлес қосатын болады. «Жан-Арай» ЖШС Ресей жинақ банкінен мемлекеттің қолдауымен несие алатын болды.