Сырдарияда су деңгейі көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сырдарияда су деңгейі көтерілді

Сырдарияда су деңгейі көтерілді

Сырдария өзенінде су деңгейі көтерілді. Қазірде су басу қаупінің алдын алу мақсатында ПМК-29 аумағын бекіту жұмыстары жүргізілуде.

  • 29 Желтоқсан 2017
  • 244
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды. 

Кеше өзен арнасындағы мұз кептелістері салдарынан су деңгейі көтеріліп, Сырдария өзенінің ескі арнасы толып, ПМК-29 саяжайының ішкі каналына көп мөлшерде су ағуынан тұрғын жайдың ауласына су жайылған.

Жалпы, ПМК-29 саяжайы өзен арнасындағы су деңгейі жоғарылау кезінде су жайылатын аймақ болғандықтан тұрғындарға алдын ала ескертпе хаттар таратылған.

Саяжайда барлығы 36 тұрақжай бар. Оның ішінде адамдардың қысы-жазы тұрақты тұрып жатқаны — 2 отбасы.

«Осыған байланысты бекітілген жауапты мекемелердің арнайы техникаларын (6 жүк көлігі, 1 трактор, 1 экскаватор) жұмылдыра отырып, су жайылудың алдын-алу мақсатында топырақпен бекіту жұмыстары жүргізілуде. Саяжайды су басу қаупі туындаған жағдайда алдын алуға жұмылдырылатын барлық күштер мен құралдар дайын», — деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов.


 

Соңғы жаңалықтар